#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өмірзақ Шөкеев мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Мемлекеттік қызметшінің атқарар жұмысы – терең білім мен іскерлікті ғана емес, жоғары жауапкершілік пен темірдей тәртіпті талап етеді. Реформалар мен елді жаңғыртуда, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруда оларға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Азаматтарымыздың заңды талаптарының орындалуы сіздерге байланысты, деп Президентіміз үнемі айтып келеді.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттік қызметшінің атқарар жұмысы – терең білім мен іскерлікті ғана емес, жоғары жауапкершілік пен темірдей тәртіпті талап етеді.

Қоғамның қай саласында болмасын барлық маңызды істердің басында жүретін мемлекеттік қызметшілердің жұмысы арқылы тұтастай елдің бет-бейнесі қалыптасады.

Сіздер, қоғамның үніне құлақ түру арқылы маңызды істер атқарып, мемлекеттік саясаттың дұрыс бағытта жүзеге асуына күш салып келесіздер.Елбасы Жарлығымен Түркістан облысы болып қайта құрылып, Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесі берілген маңызды күннен бастап, облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуында мемлекеттік қызметшілердің алар орны ерекше.

Қазіргі кезең облысымыз үшін сындарлы сәттер болып саналады. Әлемді алаңдатқан ауыр індетпен күрес жүріп жатқан тұста Мақтаарал, Төлеби аудандарындағы орын алған ауыр апаттар елдің еңсесін түсірді. Төтенше жағдай кезінде ел арасына барып, апат орын алған аймақтарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі жүргізу де сіздерге аманатталды.

Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен өз жұмысын адал атқаруға деген құлшыныстарыңыздың арқасында бұл қиындықтар да еңсеріледі деп сенемін.

Барлықтарыңызды Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен тағы да құттықтаймын!Еліміздің дамуы мен Түркістанның түрленуі жолында атқарып жатқан абыройлы қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін!, деген құттықтауын жеткізген Түркістан облысының
әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар