#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өмірзақ Шөкеев Мырзакент  маңында  бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды аралап, бүгінгі жай-күйімен танысып шықты.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды аралап, бүгінгі жай-күйімен танысып шықты. Сапар барысында аймақ басшысы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдауси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарын көріп, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Халық саны 1500-ға жуық Өргебас елдімекенінде  тұрғындармен келісімшарт түзіліп, құрылыс жұмыстарына арналған қаражаттары бөлінген. Бүгінгі таңда 133 үй сырылып, іргетасын құю жұмыстарына дайындық жасалуда. Тағы 66 үйдің іргетасы құйылып, 12 үйдің қабырғасы қалануда. 1 үйдің шатыры жабылған.

Ал, Жаңа жол ауылдық округіне қарасты  Фирдоуси елдімекенінде  274 үйдің аумағы тазартылып, 116 үйдің іргетасы құйылған. 10 үйдің қабырғасы қаланып жатыр.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бұдан соң Мырзакент  маңында  бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жаңа мөлтек ауданда бүгінде 31 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр. Жалпы, 386 үйдің құрылысына 1553 адам жұмылдырылған.  51 үйдің шатыры жабылып, 2 үйдің құрылысы толық аяқталған.  Өмірзақ Естайұлы құрылыс компанияларына құрылысты сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды.

Естеріңізге салар болсақ, Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының эвакуацияланған 30420 тұрғыны үшін «Түркістан» Әлеуметтік Даму Корпоративтік қорына 5 млн. 202 мың АҚШ долларын аударды. Бұл қаражат эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шоттарына түсетін болады. Сондай-ақ, қорға отандық кәсіпкерлер мен азаматтардан 160 млн. теңгеге жуық қаржы түсті. Жиналған қаржы зардап шеккен отбасыларға бағытталады. Гуманитарлық көмек ретінде штаб қоймасына 270 тонна азық-түлік түсті, оның бүгінде 90 тоннасы елге таратылған еді.

Соңғы жаңалықтар