#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

“Жыл шебері — 2020” инновациялық жобалар көрмесі өтті

“Әлемдік бағыт” деген мағынаны білдіретін бұл жарыс әлемнің 82 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс.

“Әлемдік бағыт” деген мағынаны білдіретін бұл жарыс әлемнің 82 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс.

Осы ретте, бүгін 15-маусым күні облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен чемпионаттың ашылу салтанаты және чемпионатқа қатысушы колледждердің инновациялық және шығармашылық жобалары бойынша “Жыл шебері — 2020” инновациялық жобалар көрмесі өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ашып берді. Сондай-ақ, чемпионат 15-18 маусым күндері аралығында жалғасын табады.

Чемпионаттың ашылу салтанаты мен инновациялық жобалар көрмесіне, сонымен қатар құзыреттіліктер бойынша Чемпионат өтетін колледждерге қонақтармен қатар колледж студенттері және қызметкерлері, Түркістан, Кентау қалалық білім бөлімдеріне қарасты мектеп оқушылары шақырылды. Айта кетерлігі 44 колледж бен 321 студент жастың қатысуымен 45 құзыреттілік бойынша облыстық чемпионатын өткізу жоспарланған.

Аталған чемпионат білікті кадрларды даярлауға, жұмысшы жастардың мәртебесін көбейтуге, жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіру орталығына айналады.

Екі ішекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар қобыз аспабы. Бұл қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазынасы. Бүгінде осындай рухани қазынамызды дәріптеп жүрген ағаштан жасалған туындылары шет елдің мұражайында сақталған хас шебермен сұхбаттасқан едік.

Дәурен Исламұлы 2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Бейнелеу өнері және сызу мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда жайсаң мінезді қолөнер шебері ағашты ырқына көндіріп мүсіншілік өнерімен ұштастырып келе жатқан азамат.

Ендеше, шебердің өзін тыңдасақ: – Бұл салаға мектеп жасымнан қызығатынмын. Ол кезде мерекелік күндерде баннерге түрлі жазу жазып, қылқаламмен сурет салып жүретінмін. Кейін, 2001 жылы О. Таңсықпаев атындағы сәндік – қолданбалы өнер колледжіне оқуға түсіп, «Мүсінші» мамандығын алдым. Одан кейін бейнелеу өнері мамандығы бойынша оқыдым. Бертін келе, дипломдық жұмысымды қобыз тақырыбында алдым. Сол сәттен бастап бұл салаға деген қызығушылығым одан әрі арта түсті десем қателеспеймін. Бастапқыда мұғалім мамандығы бойынша бір жыл ғана жұмыс жасадым. Өйткені, оқытушы болған кезімде қобызды жасауға мүлде қолым тимей кетті. Сондықтан, осы іске қайта оралуды жөн көрдім,- деп ұлттық өнерге деген бетбұрысының сырымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар