#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда ЭЦҚ-ның баламасы пайда болады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) баламасы пайда болатынын айтты.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) баламасы пайда болатынын айтты.

– Қазіргі қолданыстағы электронды цифрлық қолтаңбадан жаңа «бұлтты» ЭЦҚ-ның басты айырмашылығы сол, оны пайдалану үшін компьютерге қосымша бағдарлама (NCALayer) орнатпайсыз. Жаздың соңына дейін оны қанатқақты режимде іске қосамыз деп ойлаймын, — деді министр онлайн режимде халыққа есеп беру барысында.

– Азаматтар үнемі ЭЦҚ-ға қатысты көп сұрақ қоятын. Біріншіден, ЭЦҚ-ны алу үшін ХҚКО-ға бару кейбіреулерге қиындық тудырса, енді біреулеріне ЭЦҚ-ны пайдалану үшін компьютерге қосымша бағдарлама орнату қажеттігі ұнамады. Осыдан бірнеше ай бұрын біз ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін іске қостық. Ал, қазір NCALayer орнатуды қажет етпейтін баламалы электрондық цифрлық қолтаңбаны әзірлеумен айналысудамыз, — деді .А.Жұмағалиев.

Таратылған мәліметке қарағанда, ЭЦҚ-ның жаңа түрі компьютерде немесе басқа да тасығышта сақталмайды. Қызметті алу кезінде жүйе азаматтың серверде сақталған цифрлық қолтаңбасын автоматты түрде табады. Қазіргі уақытта ЭЦҚ-ның жаңа түрі әзірлеу сатысында. Оны қолданысқа биыл енгізу жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар