#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда табиғи газ құбырларын жүргізу жұмыстары кестеге сай жүруде

ПГБ-1, яғни Шавгар мөлтек ауданы, С. Ерубаев көшесі, Теміржол вокзалы аумағы, Т. Бокин, С. Қожанов көшелері және т.б аумақтарда маусым айында басталған жұмыс жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланған.



ПГБ-1, яғни Шавгар мөлтек ауданы, С. Ерубаев көшесі, Теміржол вокзалы аумағы, Т. Бокин, С. Қожанов көшелері және т.б аумақтарда маусым айында басталған жұмыс жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланған.

Сондай-ақ, ПГБ-4, яғни Қызылорда тасжолы бойындағы Яссы және Сауран мөлтек аудандары, Шипа су аумағы, Шәуілдір тасжолы бойы және т.б аумақтағы құрылыс жұмыстары мамыр айында басталып, осы жылдың қарашасында аяқталмақ.

Айта кетейік, қаламызда Бекзат, Ақмақта (Хлопзавод), Отырар, 1-2 мөлтек аудандар және ХҚТУ, Асанбай аумағы толығымен қатты отын түрінен көгілдір отынға толығымен ауысқан. Ал, Ортақ (№22 мектеп аумағы), Ыждыхат және Яссы аудандарының газ құбырлары құрылысы 15 маусымда аяқталады.

Жалпы, құрылыс жұмыстары аяқталған аумақтарды қамтыған абонент саны — 22002. Ал, осы жылы пайдалануға берілетін аумақтағы абонент саны — 30035. Бүгінде Түркістанның газбен қамтылу көрсеткіші 65 пайызды құрайды.

Жоспар аясында Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету құрылысының екінші кезеңі бойынша бүгінгі таңға құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның құны 2 110 749 млн. теңге. Қазіргі уақытта межеленген жұмыс яғни, 28,4 шақырым газ құбыры салынды. Құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталып, мемелекеттік қабылдаудан өткізілуде. Сонымен қатар, Иассы мөлтек ауданы, Ыждыхат тұрғын үй массивінің тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету құрылысының үшінші кезеңі бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары іске асуда.

Жобаның құны 1 618 273 млн теңге. Нысанның қаржысы толық игерілген. Жоба бойынша 115 997 шақырым газ құбыры толығымен монтаждалып, арнайы құрылғылар орнатылған жәшіктері 100 пайызға және жәшік төсемшелері (кавер) – 100 пайыз орнатылды. Жоба жүзеге асқан жағдайда 4 161 абонент табиғи газбен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Шавгар мөлтек ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету құрылысының екінші кезең аясында бүгінгі таңға құрылыс-монтаждау жұмыстары да қарқынды жүруде. Жобаның құны – 1 691 077 млн теңге. Бүгінгі күнге 113 231 шақырым газ құбыры толығымен монтаждалып құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталды.

Соңғы жаңалықтар