#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан жолдарында «Bus Lane» жолағы жүргізіледі

«Bus Lane» жобасы – қала көшелеріндегі қоғамдық көліктердің жүруіне арналған арнайы жолақ.

«Bus Lane» жобасы – қала көшелеріндегі қоғамдық көліктердің жүруіне арналған арнайы жолақ. Қаладағы қоғамдық көліктер енді кедергісіз қимылдайтын арнайы жолағы бар осы жолдармен жүретін болады. Сондай-ақ, жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобилдер жүре алады. Жаңа жобаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке шаһар басшысы Рашид Аюпов таныстырды.

Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады. Арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған. Ал, орталық Бекзат Саттарханов көшесінің бойында көліктің тоқтауына мүлдем рұқсат болмайды. Жаңа жоба тесттік тәртіпте енгізілгендіктен, әзірге ереже бұзған жеке жүргізушілерге ешқандай айыппұл салынбайды. Бірақ, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары аяқталғасын арнайы жолаққа еніп кеткендер жазаланбақ.

Жаңа өзгеріс қаладағы кептелістің алдын алуға да бағытталған. Қоғамдық көліктерге әсіресе қарбалас уақытта жылдамдықпен жүруге жол берілмейді және жолаушылар да тиісті жеріне уақытылы жете алады. Бүгінде облыс орталығындағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 100-ге жуық жолдардың жартысына жуығында тасжол төселді. Жолдың іргесін нығыздау, кәріз жүйесі құдықшаларының деңгейін көтеру сынды жұмыстар жүргізілуде.

Түркістанда қоғамдық көліктердің кедергісіз қозғалыс жасауы үшін «Bus Lane» жолағы сызылды. Сондай-ақ, жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобилдер жүре алады.
Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады. Арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған. Алда Б. Саттарханов даңғылы бойында көліктің тоқтауына мүлдем рұқсат етілмейді. Жаңа жоба тесттік режимде енгізілгендіктен, әзірге ереже бұзғандарға айыппұл салынбайды.
Жол қозғалысына енгізілген жаңа өзгеріс қаладағы кептелістің алдын алып, жылдамдықты асыруға жол бермейді. Сондай-ақ, жолаушылар да тиісті жеріне уақытылы жете алады.

Соңғы жаңалықтар