28 мамыр шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында “Нексия” және “Лада-Vesta” маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан “Нексия” көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және “Лада-Vesta”көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.