#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мақтаарал: Құрылыс компаниялар арасындағы мәселе өзара келісіммен шешіледі

Мақтаарал ауданында топан су шайған үш ауыл тұрғындарына арналған жаңа мөлтек ауданның құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Қазіргі таңда мұнда мыңға жуық құрылысшысы бар 22 мердігер мекеме жаңа үйлердің іргетасы мен қабырғасын қалап жатыр.

Сондай-ақ, үш қайырымдылық қорының қолдауымен атап айтсақ, «Салиқалы ұрпақ», «Біз біргеміз» және Болат Өтемұратовтың қоры 190 үйдің құрылысын жүргізуде. Десек те, бүгін аталған мөлтек ауданда бірқатар жеке мердігер компания жетекшілері бас мердігер мекемемен өзара келісе алмағандарын айтып шағымданды. Сондай-ақ, олар іргетасы қаланып қойған үйлерге жұмсаған шығындарын кім төлейді деп мәселе көтерген болатын. Осы мәселеге орай Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұханбетов наразылық білдірген жекелеген компания басшыларын жинап, кездесу өткізді.

Қосман Қайыртайұлының айтуынша, бұл 7 мердігер мекеме облыс әкімдігінің жауапты басқармаларымен өзара келісімшарт жасаспаған. Сондай-ақ, олар қор тарапынан салынатын үйлерге де араласпайды. Яғни қор басшылығы салынатын үйлердің құрылысын кімге тапсыруды өздері шешеді. Сонымен қатар ол 7 мердігер мекеменің бүгінгі күнге дейінгі жұмыстары да ескерусіз қалмайтынын, тіпті жұмсаған шығындары толық өтелетініндігін жеткізді.

«Біз облыс әкімдігінің жауапты басқармасымен келісімшартқа отырған жоқпыз. Біз тек екі мердігер компаниямен өзара келісе алмай отырмыз. Облыс әкімдігіне ешқандай өкпеміз жоқ. Әкімдіктегілер бізді осында жұмысқа шақырып, қолдау білдіріп отыр. Бұған дейін жасаған жұмыстарымыз ескерусіз қалмай, шығындарымыз толық өтелетін болды», — дейді «Бест-Стройинвест» ЖШС директор орынбасары Ордабек Бижанов.

Бас мердігер компания мен жекелеген құрылыс компаниялары арасындағы келіспеушілік қадағалауға алынып, тиісті шешімі бойынша жұмыстар атқарылатын болды.

Соңғы жаңалықтар