Ақтөбе облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі мәлімдеді.
«Аталған тұлға өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, ЖШС үшін табыс түсіру мақсатында мердігер ұйымның Мұғалжар ауданында орта мектеп құрылысын толық жүргізбегенін біле тұра, шарт бойынша жұмысын жасатпай, ақшасын қайтарып алған», — деді Агенттіктің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.