#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары болып – Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы тағайындалды.

Аңсар Жаңабайұлы – 1976 жылы 10 маусымда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы Көксәйек ауылында дүниеге келген. 1997 жылы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер, ал 2004 жылы – Қарағанды экономикалық университетінен заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы «Шымкент қорғасын зауыты» АҚ-ында бастап, 1998 жылы Шымкент Қалалық Модельдік жұмыспен қамту орталығының бас маманы, бөлім бастығы, 1999 жылдың сәуірінде Шымкент қаласы «Еңбек биржасы» бөлімінің бастығы, 1999 жылғы қазанында Шымкент қалалық әкімшілігінің халықты жұмыспен қамту басқармасы бөлімінің бастығы және 2001 жылы ОҚО Халықты жұмыспен қамту басқармасы бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2013 жылы ОҚО дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыстар және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 2015 жылы ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының діни ұйымдардың қызметін талдау және мониторингі бөлімінің басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті. Ал 2016 жылдың 18 сәуірінен бастап 2017 жылдың 8 маусымына дейін «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі қоғамдық мониторинг бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалып, 2017 жылдан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Аңсар Өсербаев өзінің қызметтік жолында өңірдің жастар ісі, ішкі саясат, әкім аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімдерінде, аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасында жан-жақты тәжірибе арттырды. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар және дін істері саласында да мол тәжірибе жинақтаған Аңсар Жаңабайұлы 2020 жылдың ақпан айында Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары қызметінен Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі қызметіне ауысты. 2020 жылдың 14 мамырынан бастап Түркістан облысы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар