#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ленгірдегі сел салдары жойылады

Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен тасқын зардаптарын жою жөніндегі құрылған жедел штаб отырысы өтті.

Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен тасқын зардаптарын жою жөніндегі құрылған жедел штаб отырысы өтті. Штаб жиынында аудан басшысы «Ленгерка» өзенінің арнасынан асуынан орын алған төтенше жағдай залалдарын толықтай жоюды тапсырды.

Дәл қазіргі уақытта аталмыш жұмыстарға аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық полиция бөлімі,«Қазселденқорғау» мекемесі тарапынан 126 қызметкер, 31 арнайы техника, 14 мотопомпа жұмылдырылған. Көршілес Сайрам, Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көмекке келді.

7 мамыр сағат 8:00-ден бастап аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары жетекшілік ететін 4 жұмысшы топ сел салдарынан келтірілген залалдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін болады. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан шұғыл ақпараттар қабылдау үшін Төлеби ауданы әкімдігінің жедел штабының tolebi_kom@mail.ru электронды почтасы мен 8(725 47) 6-11-42 байланыс нөмері тәулік бойы қызмет көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар