#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мақтаарал: алдын-ала болжам бойынша 181,1 млн. теңгенің шығыны есептелген

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында орын алған жағдайға байланысты 2243 азамат қауіпсіз аймаққа көшірілді. Сондай-ақ, судан қауіп төнген Нұрлыжол мен Фредауси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны қауіпсіз аймаққа шығарылған. Бүгін бұл туралы Мақтаарал ауданының орталығы — Мырзакент кентінде орналасқан облыстық штаб жетекшісінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн режимде өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Оның айтуынша, су тасқыны аудан бойынша 4 елдімекенге қауіп төндірген. Бұл дегеніміз 4624 халқы бар 868 үй су астында қалуы мүмкін деген сөз. Алайда, қазір дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында қауіптің беті қайтқан. Төтенше жағдайға байланысты 18 эвокуациялық орындар дайындалып, олар Атакент, Мақтарал, Жамбыл елдімекендерінде орналасқан. Апаттан құтқару жұмыстарына 630 адам мен 2 су көлігі және 56 техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда қауіпті аймақтағы азаматтар мен үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіру шаралары ұйымдастырылады. Бұл жұмыстарға Келес, Жетісай, Шардара, Сарыағаш аудандарының әкімшіліктері атсалысатын болады.

Десек те, ауданда су басып қалу қаупі бар ауылдар да жоқ емес. Солардың бірі — Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Фердоуси елдімекені. Қазіргі таңда ауыл ортасындағы «Фердоуси» жалпы орта мектебінің аумағына су көтерілген. Сонымен қатар, 6 үйдің ауласына су кеткен. Елдімекеннің ішкі коллекторына су толған. Жеңіс елдімекеніне кіретін негізгі көпірді су шайып кеткен. Көпірдің ұзындығы 10 метр, ені 6 метрді құрайды. Сондай-ақ, Нұрлыжол ауылындағы 28 гектар мақталы егістігін су басқан.

Бұдан бөлек, су тасқыны кезінде Жаңа жол мен Еңбекшіауылдық округтеріндегі 3 елдімекенде 1682 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары зардап шекені анықталды. Алдын ала болжамдық есеп бойынша 181,1 млн. теңгенің шығыны есептеліп отыр. Атап айтқанда, 1480 гектар мақта 148 млн. тегеге,42 гектар жоңышқа — 2,1 млн, 150 гектар бақша — 30 млн, 10 гектар жүгері — 1 млн. теңгелік шығынға ұшарады деп болжануда. Сондай-ақ, аталған 4 елдімекенде 5335 мал басы тіркеліп, оның ішінде 799 мал басы зардап шегіп, 249 млн. шығынға ұшарады. Оның 328-і ірі қара, 361-і ұсақ мал, 53-і жылқы, 57-сі түйе.

Қазіргі таңда Мақтаралдан 46-ы, Жетісайдан 10, Шардарадан 5, барлығы 61 ветеринарлық дәрігерлер Жантақсай, Фердоуси елдімекендеріндегі 3686 малды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар