#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Мақтаарал ауданындағы жағдай толық бақылауда

Бүгін Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты шұғыл баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және арнайы облыстық штаб басшысының орынбасарлары Бейсенбай Тәжібаев, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев мәлімдеме жасады.

«Өзбекстан Республикасындағы Сардоба суқоймасының жарылуына байланысты Мақтаарал ауданына келетін су көлемі едәуір артты. Ресми мәліметтер бойынша, 300 млн текше метр су құйылған. Нәтижесінде бірнеше ауылды су басты. Облыс басшысы Ө.Шөкеев су алған елдімекендерді аралап, жағдаймен танысты. Өңірде төтенше жағдай жарияланып, облыс басшысының тапсырмасымен арнайы штаб құрылды. Облыс әкімі штаб отырысын өткізіп, барлық жауапты сала мамандарына тапсырма берді. Соған сәйкес, ұйымдастыру жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда төрт елдімекеннен 5400-ден астам адам эвакуацияланды. Ол тұрғындар Атакент кенті мен Есентаев, Игілік, Береке, ҚазССР 40 жылдығы ауылдарындағы мектептерге орналастырылуда. Оларға қажетті тағамдармен жеткізіліп, медициналық көмектер көрсетілуде. Бұл жұмыстар іргелес жатқан Сарыағаш, Келес, Жетісай, Шардара аудандарына тапсырылды. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлер де үлестерін қосуда. Мырзакент кенті көшірілмейді. Онда су басу қаупі жоқ. Мақтаарал ауданындағы жағдай толық бақылауда», — деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Ал Арман Айдарұлы брифингте зардап шеккен тұрғындар орналасып жатқан мектептерде барлық қауіпсіздік, сақтық шаралары сақталып жатқандағын жеткізді.

«Жеңіс және Нұрлы жол елдімекенінің тұрғындары Атакент кентіндегі №5, №6 мектептерге орналастырылуда. Т.Жайлыбаев елдімекенінің азаматтары Атакенттегі №7, №8, №9 мектептерге орналасса, Фирдауси, Жантақсай елдімекенінің тұрғындары Н.Есентаев ауылындағы № 42, Игілік ауылындағы №47, ҚазССР 40 жылдығы ауылындағы №44 мектепке жайғасуда. Мектептерде арнайы медицина қызметкерлері мен аудандардан 12 маман қызмет көрсетуде», — деді басқарма басшысы.

Ол сондай-ақ су басқан ауылдағы мал және егістік, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың нақты шығынын анықтау мақсатында барлық тиісті басқарма басшылары да ауданға арнайы шақыртылғанын ескертті.

Соңғы жаңалықтар