#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда 15 өрт оқиғасы тіркелді

Түркістан облысы аумағында 2020 жылдың 3 айында жергілікті Орман шаруашылығы жерлерінде 15 өрт оқиғасы тіркелді.

Түркістан облысы аумағында 2020 жылдың 3 айында жергілікті Орман шаруашылығы жерлерінде 15 өрт оқиғасы тіркелді.

Жалпы орманды дала өрті 2347,8 гектар жерді шарпыған. Оның орманды алқабы 287 гектар, ормансыз алқабы 2060,8 гектар. Нәтижесінде орман шаруашылығына 802,2 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда орман дала өрттерінің жиілеп кетуіне байланысты тілсіз жауға қарсы күрес және қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Ағымдағы жылдың 22 сәуіріне жоспарлы облыс аумағындағы орман-дала өрттерінің алдын алу бойынша ТЖК отырысы өткізіліп, қала аудан әкімдеріне және мемлекеттік мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасарына 2020 жылдың өрт қауіпті маусымында Түркістан облысының аумағында орман, дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітуге ұсынылды, – деді Ақылбеков.

Жыл басынан бері орын алған 15 орман дала өрттерінің 12-сі «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты жерде орын алған, 1 жағдай «Созақ орман және жануарлар әлемінің қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, 2 жағдай «Отырар орман және жануарлар әлемінің қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тіркелген.

Айта кетейік, 2019 жылдың 3 айында ешқандай өрт оқиғасы орын алмаған. Жалпы өткен жылы 5 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 63,1 гектар жер отқа оранып, орман шаруашылығына 562,2 мың теңге шығын келген.

Соңғы жаңалықтар