#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Республикалық өнер байқаулары жарияланды

Түркістан облысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған өлең, қара сөздердің мағынасын ерекше және ауқымды талдау бойынша «Абай оқулары» өнер байқауы өтпек.

Түркістан облысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған өлең, қара сөздердің мағынасын ерекше және ауқымды талдау бойынша «Абай оқулары» өнер байқауы өтпек.

Сондай-ақ Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай жарияланған «Толқысын шартарап» республикалық өнер байқауына еліміздің 14 пен 29 жасқа дейінгі композитор, ақын, әншілер топ құру арқылы қатыса алады. Үздік орындалған 15 видео іріктеліп, тамыз айында композитордың мерейтой кешіне қатысуға жолдама алады.

Бұдан бөлек Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұттың 75 жылдық мерейтойына қарсы «Мархабат шыңы» республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауы жарияланды. Аталмыш байқау 25 мамырда қорытындыланады. Ал айтыс өнерінің ақтаңгері Әселхан Қалыбекованың 70 жылдық мерейтойына орай облыстық жастар арасында өтетін «Әселхан оқулары» көркем сөз бейнежазба байқауына өтінімдер 20 сәуірге дейін қабылданады. Қазылар алқасы «watsapp» желісі арқылы жеке чатта ақылдасу кезеңін өткізіп, 22 сәуір күні сағат 16:00-де otyrar_jastary парақшасында тікелей эфирде жеңімпаздарды анықтайды.

Әрине барлық байқаулар онлайн режимде өткізіледі. Бұл орайда тәжірибе де жоқ емес. Жуырда «Наурыз, Наурыз – күн игі» көркемсөз оқу бейне-байқауы өтіп, Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 70-ке жуық үміткер қатысқан болатын. Қатысушылар шығармаларын әлеуметтік желіге жүктеп, ақтық мәреге жолдама алған.  Жастар жарысы жинаған лүпіл санымен қорытындыланды. Нәтижесінде Бәйдібек ауданы мен Түркістан қаласының жастары топ жарды. Жүлделі орындарды Сарыағаш, Төлеби аудандарының жастары иеленді. Жеңімпаздарға облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Амалбек Өміртай онлайн құттықтап,кәдесыйлар жолдады.

Соңғы жаңалықтар