#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: жол-патрульдік полицейге қылмыстық іс қозғалды

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері шымкенттік полицейлердің адамдарды блокбекеттен ақшаға өткізіп жүргенін анықтады.

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері шымкенттік полицейлердің адамдарды блокбекеттен ақшаға өткізіп жүргенін анықтады.

Ведомство мәліметінше, жол-патрульдік полицейге қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция қызметкері төтенше жағдай режимі кезінде ЖШС өкілінен оның блокбекеттен кедергісіз өтуі үшін және әкімшілік жазаға тартылмауы үшін 25 мың теңге мөлшерінде пара алған», — деді агенттік аппаратының басшысы Қуаныш Жапақов.

Сондайа-ақ, Түркістан облысында да полиция қызметкерінің пара алғаны белгілі болды.

«Ол Түркістан облысы тұрғындарынан көшеде жаяу жүру үшін және «Таскешу» блокбекетінен өту үшін 15 мың теңге пара алған», — деді Жапақов.

Соңғы жаңалықтар