#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Медициналық жедел жәрдем қызметкерлері COVID-19 қарсы флэшмоб өткізді

Түркістан облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының қызметкерлері ұйымдастырған флэшмоб кешкі уақытта Есімхан алаңы мен орталық көшелерде өтті.

Түркістан облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының қызметкерлері ұйымдастырған флэшмоб кешкі уақытта Есімхан алаңы мен орталық көшелерде өтті. Медицина қызметкерлері «Егер бізде қалғыңыз келмесе, үйде отырыңыз» деген ұранмен көліктерінде арнайы сигнал қоса жүріп, халыққа барынша түсіндірме жүргізді. Қауіпті індетті ауыздықтап, ел амандығы үшін алаңдаған құтқару топ өкілдерінің мақсаты осылайша тұрғындардың жауапкершілігін арттыру. Шаһар тұрғындары да төтенше жағдай кезіндегі талаптардан құлағдар. Медицина қызметкерлерінің дабылына түсіністікпен қарауда. Бүкіл әлемді дүрліктірген пандемиялық індетке қарсы күрес үшін арнайы топтар жасақталған. Күні бүгінге дейін ол мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 науқасты тасымалдаған.


«Бұл елдің амандығы үшін жасалынып жатқан шара. Үйден шықпай, қауіпсіздікті қадағаласақ індетті ауыздықтайтынымыз сөзсіз. Сол себепті бүгін әріптестерімізбен бірге қала тұрғындарына түсіндіру шарасын өткізуді жөн көрдік»,-дейді Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы бас дәрігерінің методикалық ұйымдастыру ісі бойынша орынбасары Тахир Абдиев.


Жалпы облыс бойынша 200-ге жуық медициналық жедел жәрдем бригадасы қызмет көрседі. Әр бір шақырту мамандар үшін қарусыз майданның шешуші сәті. Дер кезінде көмекке жетіп, адам өміріне араша түсу ақ халатты абзал жандардың адал борышы. Өз өмірлерін тәуекелге буып жүрген бүгінгі күннің батырлары қауіпті індетпен күресті тоқтатпақ емес.

Соңғы жаңалықтар