Ресейдің Иркутск аймағында түрмеде болған бүліктен 300-ден астам тұтқын жарақаттанған, бүлікке түрме сақшысының тұтқынды ұрып-соғуы түрткі болды деген ақпарат шықты.
Адам құқығын қорғау бойынша үкіметтік емес ұйым белсенділерінің хабарлауынша, бүлікті басу үшін Ангарск қаласындағы N15 колонияға арнайы жасақ өкілдері әкелінген.
Федералдық қылмыстық жазаны атқару қызметінің ресми өкілінің айтуынша, Иркутск облысындағы тұтқындардың бірі сақшыға шабуыл жасағаннан кейін бүлік басталған.
Иркутск облысының тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған. Түрмеде шамамен 1300 тұтқын бар.