#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Әскер: Арнайы жиындарға кімдер шақыртылады?

Жиын кезінде әскери міндеттілер қандай жұмыс атқарады?

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәліметтеріне сүйенсек ерікті түрде республикалық «БІЗ БІРГЕМІЗ» акциясы аясында қолдау білдірген әскери міндеттілер саны артуда. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі “Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру” туралы жарлығына сәйкес Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқармалары қазіргі таңда әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақырылуға жататындар тізімдерін анықтау, зерделеу жұмыстарын атқаруда.. Барлық әскери міндеттілерге арнайы жиын тәртібі мен талаптары түсіндіріліп, мәліметтерін тіркеу жұмыстары ұйымдастырылуда.Әскери жиындарға шақыру бұл әрбір әскери міндеттілердің қасиетті борышы, іс жүзінде өз патриотизмін, әсіресе ел үшін күрделі уақытта көрсету мүмкіндігі болып табылатын әскери міндет.

Ақпарат үшін көп қойылатын сұрақтардың жауабын ұсынамыз:

Кімдерді шақырмайды?

– қорғаныс, тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты мемлекеттік органдарда қызмет ететіндер;

– авиациялық персонал;

– егін науқаны кезінде ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер;

– мұғалімдер;

– күндізгі оқуда білім алатындар;

– әйелдер;

– 18 жасқа дейін үштен көп баласы бар азаматтар;

– тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатқан тұлғалар;

– Парламент және жергілікті атқару органдарының депутаттары;

Арнайы жиын қанша уақытқа созылады?

Арнайы жиын үш айға дейін жалғасуы мүмкін. Өткізу мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

Жұмыс пен жалақы?

Жиынға шақыртылған әскери міндеттілердің арнайы жиын уақытында жұмыс орны мен қызметі сақталып, жалақысы толығымен төленеді. Егер әскери міндетті жұмыссыз болса, мемлекет ең төменгі жалақы мөлшерін төлейді.

Жиын кезінде әскери міндеттілер қандай жұмыс атқарады?

Әскери міндеттілер басқа облыстарға кетпейді. Олар бақылау-өткізу пунктерінде, маңызды нысандарда күзету және дезинфекция шараларын жүргізіп, тәртіп сақтау іс-шараларына қатысады.

Қайда шақыртылады?

Әскери міндеттілер тұрғылықты мекенжай бойынша арнайы жиынға шақыртылады. Жиынға шақыртылғандар күнделікті жұмыстан соң үйіне қайтып, әскери қызметке әдеттегі жұмысқа барғандай барады. Қорғаныс ісі басқармасы тұлғаларды SMS-хабарлама арқылы немесе телефонмен хабарласып, шақыртады.

Қандай жас категориясына басымдық беріледі?

Запастағы офицерлер үшін шекті жасы 60 жасқа дейін, ал запастағы сарбаздар мен сержанттар үшін 50 жасқа дейін қоса белгіленеді.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 42-бабына сәйкес»:

1.Әскери міндеттілердің запаста болуының шекті жасы:

1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы елу жасқа дейін қоса алғанда;

2) офицерлер құрамы үшін алпыс жасқа дейін қоса алғанда;

Шақыру пунктіне келмейтіндермен не болады?

Әскери міндеттілердің әскери жиындардан жалтаруы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 648 бабының 2 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (13 255 теңге, МПР-2 651 теңге).

Медициналық тексеру комиссия болады ма?

Жиындарға жіберу алдында әскери міндеттілер міндетті түрде аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссияларының медициналық куәландырудан өтеді, шақырылушылардың коронавирустық инфекциясының болуына зерттеу жүзеге асырылатын болады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер жиындарға шақырылуға жатады. Әскери міндеттілердің денсаулық жағдайы ҚР ҚМ 2015 жылғы 2 шілдедегі №373 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚК Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеде айқындалады.

Анықтама:

Шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

Қазақстан Республикасының азаматтары әскери міндеттілерді шақыруға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық және консультациялық көмекті Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменттен 8 (7252) 55-81-29 нөмірі арқылы ала алады. Call-орталыққа күнделікті (тәулік бойы) хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар