#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанды түлетуге іскер азаматтар жұмыла кіріседі

Өңір басшысы Елбасының Түркістанды түлетуге аса назар аударып, оған республикалық бюджеттен бөлек, еліміздің өзге өңірлерін, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдерін атсалысуға шақырғанын атап өтті. Болашақта Қазақстанның ғана емес, бүкіл Түркі жұртының рухани-мәдени орталығына айналуы тиіс.

«Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарымен және іскер азаматтармен кездесіп, облыс орталығы – Түркістан қаласын дамытуға жасалған жобалардың барысымен таныстырды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістанның ескі және жаңа келбетінен халық қалаулыларына фильм көрсетіліп, іскер азаматтарды шаһарды көркейтуде түрлі әлеуметтік нысандар мен ойын-сауық орталықтары сынды халыққа қажетті ғимаратты салуға шақырды.                                 
«Түркістан қаласының туристік әлеуеті өте жоғары. Өткен жылы 1 миллионнан астам турист келген болса алдағы уақытта олардың санын көбейту көзделіп отыр. Осы мақсатта қалаға жаңа әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал, сервистік қызмет көрсететін әлеуметтік мәдени нысандар салып, оларға қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жоспарлануда. Атап айтар болсам, Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында әкімшілік ғимараты, басқармалара мен департаменттер үйі, драма театры, конгресс-холл, филармония, кітапхана, мәдениет сарайы, 500 орындық мешіт, спорт кешені, стадион, жүзу бассейні, Назарбаев зияткерлік мектебі, саябақтар, көпқабатты тұрғын үйлер, мектептер, бала-бақшалар, көрме орталығы, мұражай, опера және балет театры, ассамблея ғимараты, денсаулық сақтау нысандары және т.б. әлеуметтік-мәдени нысандар құрылыстары мен оларға қажетті инфрақұрылымдар жүргізуіміз қажет», — деді Ж.Түймебаев.                                                                                         
Жаңа қарқынмен, жаңа күшпен жұмыс бастауға құлшыныс білдірген жиынға қатысушылар аймақ басшысын бірауыздан қолдады. Халық қалаулыларының атынан сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев Мемлекет басшысының 26 жыл бойы кәсіпкерлерге жәрдем көрсетіп келгенін, ендігі кезекте, іскер кәсіпкерлердің елге, мемлекетке қызмет ететін уақыты келгенін айтып өтті. Жиында белгілі болғандай, жаңа облыс орталығы — Түркістанда белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Серікжан Сейітжанов «Rixos» бес жұлдызды қонақ үйі сияқты мейманхана салуды бастап кетсе, түріктің іскер азаматы да бес жұлдызды екінші қонақ үйді тұрғызудың жобасын түзіп қойған. Ал облыстық мәслихаттың хатшысы, кәсіпкер Қайрат Балабиев спорт фитнес орталығын салуды ұйғарып қойған. Мұнан бөлек, бірқатар іскер азаматтар өзге де әлеуметтік, мәдени нысандарды салуға ниеттеніп отыр.

Соңғы жаңалықтар