ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАРҚЫНЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Мәслихат депуттаттары Шымкенттегы кәсіпкерлердің жұмысымен танысты», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Күннің екінші жартысында делегация мүшелері Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер палатасының директоры мен өзге де өңірдегі белсенді кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру қарқыны талқыланды, сонымен қатар микрокредиттің кеңеюіне, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға және Шымкентте өнімді жұмысқа орналасуға ерекше назар аударылды.
Осы тақырып республикалық қоғамдық кеңестің мүшелерімен қалалық әкімдіктің ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылауға арналған жұмыс кездесуінде ерекше талқылау тақырыбы болды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай қатысты.
Жергілікті мемлекеттік органдарының жауапты өкілдерімен және кәсіпкерлермен бірлескен кездесу барысында Елбасының өзге де бастамалынын жүзеге асырудың серпіні мен перспективалары, оларды жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар қаралды.
– Аймақтарға жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша бес әлеуметтік бастаманы іске асыруға жан-жақты талдау жасалатын болады, оның қорытындылары Үкіметке ұсынылып, Елбасына есеп беріледі, – деді республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері.