МӘЖЛІС ДЕПУТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН САЛЫНАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙ ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Шымкентте Мәжіліс депутаттары «7-20-25» бағдарлама бойынша бірегей ақпараттық орталығына барады», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Республикалық кеңестің өкілдері бұдан кейін «7-20-25» бағдарлама бойынша бірегей ақпараттық орталығына барады. Қазақстанда алғаш рет «Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша тұрғын үйді сатып алғысы келетіндерге көмектесу үшін Шымкент әкімдігі фронт-офис ашты. Ақпараттық орталық «бір терезе» қағидаты бойынша «7-20-25» бағдарламалары аясында қала әкімдігі ұсынатын мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді.
Тақырыптың жалғасы бойынша республикалық кеңестің мүшелері Ақжайық шағынауданындағы үйлердің құрылыстарымен танысты. Қалалық құрылыс басқармасының бастығы Әбілсейіт Рабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламаларын іске асыруға сегіз үй кешенінің 136 пәтері дайын, ал екінші жарты жылдықтың соңына дейін 275 пәтер пайдалануға беріледі. Олардың көбі 2-3 бөлмелі пәтерлер. Сонымен бірге, Ұлттық Банктің деректері бойынша, тамыз айының ортасында Шымкент  қаласында  662,6 млн теңгеге тұрғын үй заемдарын алуға 77 өтініш келіп түсті.