ШЫМКЕНТТЕ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

«Шымкентте мұғалімдердің тамыз кеңесі өтті», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкентте «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Жиынға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қала мәслихатының хатшысы Нұрлан Бекназаров, ҚР Білім және ғылым министрлігі білім саласын бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ғалымжан Жұмашев, қалалық білім басқармасының басшылары қатысты.
Жыл сайынғы дәстүрлі жиында айтылған басты жаңалықтың бірі — қала аумағында жыл сайын кемінде бес мектеп ғимараты салынады. Бұл жөнінде шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді. Мектеп ғимараттарының жетіспеушілігі – бүгінгі таңдағы маңызды мәселенің бірі. Осы орайда Шымкент қаласының әкімі ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілі Ғалымжан Жұмашевқа жыл сайын кем дегенде бес мектеп ғимаратын салу қажеттігін атап өтті.
— Биыл қала мектептерінде 8000 түлек орта білім алып шақты. Ал тиісінше, бірінші сыныптарда 22 мың бала қабылданады деп күтілуде. Яғни, 14000 баланың айырмашылығы байқалады, — деді қала әкімі.
Өз кезегінде Ғалымжан Жұмашев қала әкімінің бұл бастамасына қолдау көрсететінін жеткізді