«Шымкент қаласының әкімі мұғалімдерге баспана сатып алуға көмектеседі», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы еліміздің үшінші мегаполисінде өткен дәстүрлі педагогикалық тамыз конференциясындай айтылды. Жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласын жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныс жасады.
Конференция барысында мұғалімдерді тұрғын үймен қамту мәселесі назардан тыс қалмады.
— Біз «Тұрғын үй жинақ банкінің» жетекшілерімен кездесіп, бұл жөнінде талқылаған болатынбыз. Менің ойымша, бастапқы жарнаны төлеу үшін тұрғын үй сертификатын қарастыра аламыз. Қайрат Ырзақұлұлы, бұл мүмкіндікті қарастырыңыздар, — деді қала әкімі өзінің бірінші орынбасарына.
Жиында қаладағы кәсіби білім беретін колледждер үшін шетелдік сарапшылар өздерінің бағдарламалық тәжірибесін ұсынды. Жаңа оқу жылында қала колледждердің бірінде техникалық білім беруді дамыту үшін неміс компаниясы ауқымды оқу жоспарын түзіп қойған.
ӘБДІРАХЫМОВ МҰҒАЛІМДЕРГЕ ПӘТЕР САТЫП АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
«Тұрғын үй жинақ банкінің» жетекшілерімен кездесіп, бұл жөнінде талқылаған болатынбыз.