«Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған акция жүруде», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Әл-Фараби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жеке меншік нысандарға еркін-кіріп шығуды қамтамасыз ету үшін «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылуда.
Осы шара барысында жыл басынан 185 жекеменшіктегі нысандарға пандус орнатылды. Сонымен қатар, жекеменшік нысандарда орнатылған пандустардың бекітілген талаптарға сай келмейтіндері бойынша алдағы уақытта талапқа сәйкестендіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2016 жылы мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында облыстық бюджеттен 6 млрд 274 млн теңге жұмсалған. Нәтижесінде, 1566 нысандағы пандустың 403-і ретке келтіріліп, 44 жерге арнайы дыбыс беретін бағдаршам, 51 нүктеге арнайы жол белгілерінің көрсеткіштері, мүгедектерге арналған 13 автотұрақ салынды. Жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 370, ал жұмыспен қамту орталығы арқылы 2114 мүгедек жан жұмысқа орналасты.
ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТУДЕ
Аталған шара барысында жыл басынан 185 жекеменшіктегі нысандарға пандус орнатылды.