ШЫМКЕНТТІК ӘКІМ ШАҒЫНАУДАНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАБАТЫНЫН ЖЕТКІЗДІ

Әкім кездесу барысында шағынауданындағы жол мәселесі бойынша сұрақтарына жауап берді.

«Шымкенттік әкім шағынаудандағы мәселелер шешілетінін айтты»,  деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Қаратау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаратау ауданының әкімі тұрғындармен кездесу барысында шағынауданындағы жол мәселесі бойынша сұрақтарына жауап берді.
Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының басшысы – Исамидин Мұхитдинұлы аудан аумағында орналасқан «Азат» шағынауданының орам басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Азат» шағынауданындағы жол мәселесі бойынша сұрақтар көтерілді. Сонымен қатар, коммуналдық мәселелер бойыншада бір-қатар сұрақтар аудан басшысының назарына ұсынылды. Алдағы уақытта аудан әкімі Исамидин Мұхитдинұлы аталған мәселелер бойынша тиісті, нәтижелі жұмыс атқарылатынын мәлімдеді.
Аудандағы ең өзекті мәселе – халықты ауыз сумен қамтамасыз ету. Ауданда жалпы 47 202 жеке тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 35 861 (75%) тұрғын үй тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылса, 8 010 (16%) тұрғын үй кесте бойынша, ал 4 431 (9%) тұрғын үй тасымал сумен қамтылған.
Ағымдағы жылы Сайрам және Қызыл су тұрғыналаптарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін – 290,2 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес «Евроремонтсервис» ЖШС тарапынан атқарылуда.