ШЫМКЕНТТЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ «СӘКЕН СҰҢҚАРДЫ» САХНАЛАДЫ

«Шымкенттегі орыс драма театрында Елордамыздың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласының мәдени күндері аясында Қанат Жүнісовтың «Сәкен Сұңқар» драмасы сахналанды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театр ұжымның әртістері шымкенттік өнер сүйер қауымға ерекше кеш сыйлады. Қазақ елінің маңдайына біткен атақты ақын, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сәкен Сейфуллиннің тағдыры тар жол тайғақ кешумен өтті.  Алаш қайраткері халқының келешегі жарқын, нұрлы болуын армандап, азат, еркін өмір сүруі үшін күресті. Алайда, большевиктермен болған идеологиялық майданда қызу тартысқа түсіп, өзі құрған өкімет Сейфуллиннің өзін де аямады. Аталмыш қойылым ел құрметіне ие болған сырбаз Сәкеннің ғұмыр жолынан, ғибратты өмірінен сыр шертеді.
«Сәкен сұңқар» атты тарихи трагедиялық драмасы көрермен көзіне еріксіз жас келтірді. Спектакльдің қоюшы режиссері – Әлімбек Оразбеков, ҚР еңбек сіңірген