Тиісінше, Республикалық статуска сай, қайта тағайындаулар болып, сот ғимараттарының да орны ауысты. Нақтырақ айтсақ, Шымкент қалалық соты бұрынғы облыстық сот ғимаратына көшірілді. Бүгінде судьялардың алғашқы легі қоныстанып та үлгерді. Осы орайда Түркістан облысының соты өз жұмысын рухани қалада бастап кетті. Алқалы жиында қатысушылар қоғамдағы бітімгерлікті нығайтып, халықтың ауызбіршілігін сақтауда елеулі үлесі бар мамандардың жаңа бастамасына сәттілік тіледі.
Елбасы Жарлығымен қолға алынған жобаларды, Сот реформасын жүйелі жүзеге асыратындарына сенім білдірді. Айтып өтейік, Шымкент қалалық сотының төрағасы қызметіне судья Әділ Керімшеев тағайындалды. Осы орайда аудандық және экономикалқ соттардың төрғалары да жаңа қызметке кірісті.
Азаматтар сотқа келген кезде күзет орнындағы мамандандырылған күзет қызметінің қызметкеріне жеке куәлігін, содан кейін шақыру қағазын (хабарламаны) көрсетеді немесе келу мақсатын хабарлайды, сондай-ақ арнайы құрал мен бақылау жүргізу үшін жасалынған техникалық жабдықтың көмегімен тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда жеке заттарына тексеру жүргізіледі.
Келушілерді сот ғимаратына кіргізу жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі асқа үзіліс уақыты – 13.00-ден 14.30 аралығында сот ғимаратына кіргізу тоқтатылады.