ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТАҢҒЫ 07:00 САҒАТТАН БАСТАП ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ

«Шымкентте қоғамдық көліктер таңғы сағат 7.00-ден бастап жүре бастайды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі   shymkala.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Наурыз Сүгірәлиевтің айтуынша, жалпы, 10 әлеуметтік маңызды бағыт белгіленген. Олар – №55, №141, №142, №143, №144, №146, №147, №148, №149 және №150 бағыттар. Нақтырақ айтсақ, №55 бағыт – Ынтымақ шағынауданы – Ордабасы алаңы, № 141 бағыт – Қазығұрт шағынауданы – Мирас шағынауданы, №142 бағыт – Текесу шағынауданы – теміржол вокзалы, №143 бағыт – Бадам 2 шағынауданы – жабық базар, №144 бағыт – Айнатас шағынауданы – теміржол вокзалы, №146 бағыт – Жаңаталап шағынауданы – Көркем гимнастика мектебі, №147 бағыт – Ақжар, Ақтас шағынаудандары – Көркем гимнастика мектебі, №148 бағыт – Өтеміс, Шапырашты, Абдулабад шағынаудандары – теміржол вокзалы, №149 бағыт – Достық 2 шағынауданы – Айна-базар және № 150 бағытты – қалалық балалар ауруханасы – теміржол вокзалы бойынша жүргізуге шешім қабылданған.
Қалада шалғай жатқан және жолаушылар ағымы төмен шағынаудандардың тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету – басым бағыттардың бірі. Қалаға жаңадан қосылған 40 елдімекенге де жаңа автобустарды жүргізу міндеті тұр. Әрине, бұл бағыттардағы тасымалдаушылар нақты кірісі мен шығынын көрсеткен жағдайда оларға бюджеттен субсидия беріледі. Сол себепті бұл бағытқа көлік жүргізуге инвесторлар тарапынан қызығушылық басым.