ШЫМКЕНТТЕГІ «ФОНТАН» АКВАСАЯБАҒЫ БІР МЕЗЕТТЕ 200 ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙ АЛАДЫ

Шымкенттегі «Фонтан» аквасаябағында балалар мен ересектердің қауіпсіздігі үшін 24 құтқарушыдан құралған жасақ жұмыс жасайды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz  сайтына сілтеме жасап.

Әрбір хауыз бен шомылушылардың өзін қадағалап-құнттаушы мамандар тағы бар. Ал судың сапасына келетін болсақ, заманауи технология — судың тазалығын тексеруші қондырғы мен үгітінді фильтр көмегімен, сәт сайын тазаланып, сенімділік тудырған. Судың температурасы да қалыпты жағдайда.
Қаламыздағы бірегей аквасаябаққа айналып отырған «Фонтанда» бүгінде бір мезетте 2000 адам кіріп, емін еркін суға түсе алады. Және бұл жаңа аймақ күн сайын, демалыссыз жұмыс жасайды. Аптаның 5 күнінде ересектер үшін кіру бағасы — 4000 теңге болса, сенбі-жексенбіде — 5000 теңге деп белгіленіп отыр. Және 5-15 жас аралығындағы жеткіншектер бұл соманың 50 пайызын ғана төлейді. Ал 5 жасқа дейінгі балаларға аква саябаққа кіру — тегін. Қоса кетейік, «Фонтан» аквабағы қаламыздағы «Қиял әлемі» саябағына қарама-қарсы бетте, Республика даңғылы, 6 а үйінде жайғасқан.
“Жалпы аквасаябағымыздың аумағында 6 үлкен ересек адамдарға арналған су атракциондары бар. Қазақстан бойынша ең үлкен су қалашығы бар. аквапаркте қосымша толқынды бассейн бар. Және үлкендерге арналған үлкен бассейн бар. Сонымен қатар, біздің аумағымызда 3 тамақтанатын орын бар. Яғни, “Аква”, “Фастфуд” және “Палуба” мейрамханаларымыз бар”, дейді «Pioner Group» компаниясының басқарушы директоры  Дәурен Тайыров.