ШЫМКЕНТТЕГІ «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕДЕ» «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА КЕҢЕС БЕРЕДІ

 «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент қаласы Əкімдігінің халықтық кеңсесі «Фронт-офис» ғимаратында орналасқан кеңес орталығында түсіндіру жұмыстарын бастайды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.

«Мемлекеттік «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында Шымкент қаласынан пəтерлі болғыңыз келсе, 2018 жылдың 23 шілдесінен бастап «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент қаласы Əкімшілігінің халықтық кеңсесі «Фронт-офис» ғимаратында орналасқан кеңес орталығында түсіндіру жұмыстарын бастайды.
Бұл жерде, Сіз мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламалары туралы толық ақпарат алып, тұрғын-үй жинақтары туралы келісім шарт жасай аласыз! Сондай-ақ, Шымкент қаласында бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандары туралы  ақпаратқа қанық боласыз! Мүмкіндігіңді жіберіп алма! Ақпарат алу үшін: +7 701 605 36 39, +7 705 486 96 08», — делінген хабарламада.
Айта кетсек, аталған кеңсенің мекен-жайы: Шымкент қ., Рысқұлов даңғылы — Байтұрсынов көшелері қиылысында орналасқан Шымкент қ. Əкімдігінің «Фронт-офис» халықтық кеңсесі. «Наурыз» аялдамасы.
Айта кетерлігі, 2018 жылы 162 үйдің құрылысы жалғасады: 56 үй – бюджет есебінен, 9 үй — ұлттық компания, 97 үй жеке инвестициялар есебінен салынады. 20 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Биыл бұған қоса бюджет қаржысы есебінен тағы 21 нысан пайдалануға берілмек: 10 инженерлік инфрақұрылым және 11 әлеуметтік нысан.