Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Төле би көшесі, «Қырғы» базар аумағында жолдың бойындағы ретсіз сауда қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп отыр. Бұл туралы қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан да наразылықтар көбеюде.
Осыған орай, қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда Төле би көшесі, «Қырғы» базар аумағындағы ретсіз сауда өзекті мәселелердің бірі болуына байланысты Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан күнделікті Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, айыппұлдар салынып нәтижесінде таза тұруда. Бұған қоса, Әл-Фараби ауданының әкімі базар және сауда орталығы басшыларымен (Қырғы, Акбар, Визит ЖШС, Мият, Заман) қала көркін ретке келтіру және ретсіз сауданы болдырмау бойынша келіссөз жиналысы өткізілді.
Сонымен қатар, қала аумағындағы базар басшыларынан бос сауда орындары және әлеуметтік жағдайы төмен саудагерлерге жеңілдетілген бағдарламалары қарастырылуда. Әрі, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда.
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ РЕТСІЗ САУДА РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ
"Шымкенттегі әл-Фараби ауданы аумағында ретсіз сауда реттелуде", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігі таратқан хабарламаға сілтеме жасап.