ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР КӨПТЕП БОЙ КӨТЕРУІ КЕРЕК

«Мегаполист көпқабатты үйлерден тұрады. Сондықтан қала аумағында 20-30 мың адамдық ықшамаудандар салу керек», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі, Шымкент қаласының бұрынғы бас сәулетшісі Асқар Мамырбаевтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Миллион тұрғыны бар Шымкенттің алдағы келбеті адам танымастай өзгереді.  сондықтан алдағы уақытта шаһарда 20 мың немесе 30 мың адамдық ықшамаудандар салынатын болса, соның ішінде адамдардың демалуын, жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалу керек. Сонда қаладағы кептелістің болмауының басты кепілі сол.
Сонымен қатар, мегаполис болғасын көпқабатты үйлер көп салынғаны дұрыс. Әйтпесе, шымқаламыз өз статусына сай болмайды. Мегаполис деген аты болғанымен, заты – «үлкен елдімекен» болып қала береді.
Мегаполиске лайық инфрақұрылым қажет. Сырттан келетін әуе, теміржол көліктері үшін екінші әуежай мен теміржол вокзалы салынбаса, жолаушылар нөпірін ретке келтіре алмаймыз. Ал,  автокөліктер қалаға оңай кіріп шығуы үшін айналма жолдар салып, қала ішіндегі жолдарды кеңейткен жөн. Міне, сонда ғана мегаполис халқы ыңғайлы жағдайда өркениет игіліктерінің рахатын сезінетін болады. Талай жыл басшылықта болған тәжірибелі сәулетшінің көзқарасы осындай.