«Шымкент қаласындағы Орталық саябақта тұңғыш рет ашық аспан астында белгілі фотограф Мақсат Шағырбаевтың «Шымкент шаттықтың шаһары» атты фотокөрмесі өтті», — деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Фотокөрменің ерекшелігі ондағы көркем картиналардың барлығы шырайлы шаһардың көрікті, көркем келбетіне арналған. Фото суреттерде жыл өткен сайып дамып, гүлденіп келе жатқан үшінші мегаполистің сәулеттік нысандары мен осы қалаға ғана тән айшықты нысандардың боямасыз бейнесі көрсетілген. Айта кетерлігі, бұл фотокөрмені ұйымдастыру осыдан 3 жыл бұрын ойға келген.
Шымкенттегі тұрғындары жиі демалатын Орталық саябақта ұйымдастырылған фотокөрмеге 40-қа жуық фото туынды қойылған.
Елімізге танымал жас фотограф Мақсат Шағырбаевтың түсірген суреттері қазір интернет бетін шарлап жүр. Тіпті кейбірінің Мақсаттың фотосы екенін көбі біле бермейді. Мақсат өзі Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Елімізде ұйымдастырылған барлық фотобайқауларға қатысқан. Көбінде бас жүлде, бірінші орын қатарлы алдыңғы орындардан көрініп келеді. 2015 жылдан бері Мақсат осы саламен шындап айланыса бастады.
Мақсатттың тағы бір ерекшелігі елімізде өткен барлық фотокөрмелерге қатысып келеді. Соның ішінде ең үлкені және ең ауқымдысы былтыр және биыл Нью-Йоркта өткен «Әлем Қазақстан фотографтарының көзімен» атты көлемді көрме. Ол көрмеде Мақсатпен бірге елімізге танымал әйгілі фотографтардың да еңбектері қойылды. Бұл көрмеге Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, тамашалады.
ШЫМКЕНТТЕГІ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ
«Шымкент қаласындағы Орталық саябақта тұңғыш рет ашық аспан астында белгілі фотограф Мақсат Шағырбаевтың «Шымкент шаттықтың шаһары» атты фотокөрмесі өтті», — деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.