ШЫМКЕНТТІК ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ «ЖАҢА ТҰРЛАН» САЯЖАЙЫНДАҒЫ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП БЕРДІ

«Шымкент қалалық мәслихатының депутаты шаһардың солтүстік батысында орналасқан «Жаңа Тұрлан» саяжайының тұрғындарың таза ауыз су мәселесін шешіп берді», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қалалық мәслихат таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Өткен айда Ернұр.кз сайты «Жаңа Тұрлан» саяжайының тұрғындары ауыз суға қолдары жетпей отырғанын айтып, биліктегілерден көмек сұрағанын жазған болатын.
Осыған орай, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ерболат Нұрмаханов саяжайға барып, барлық жағдаймен танысқан еді. Халықпен жүзбе-жүз кездескен депутатсу тартқыш құрал жөнделгенше суды таситын көлікпен қамтамасыз етуге уәде беріп, ол уәдесі орындалған болатын.
Халық қалаулысы жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қандай да бір мәселенің шешімі табылатынын, оған уақыт керектігін айтып жеткізді. Ал ауызсумен қамтамасыз ету барысында өз тарапынан жәрдем беріп, су тартқыш құралдың қалпына келтіру жұмыстарын жасатып, жөндеп берген.
Осылайша, аталған саяжайдағы 100-ге жуық үй ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, бұл аумақты ауызсумен қамту алдағы уақыттарға жоспарланған. Тұрғындар қалалық су жүйесіне қосылғанға дейін су ұңғымасының көмегімен ауызсу тұтына алады.