ӘБДІРАХЫМОВ ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСЫП ШЫҚТЫ

"Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов киелі Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысып шықты", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Шымкент қаласы республикалық мәртебе алып, әкімдер ауысқанымен бұрынғы басшылардың бастамасы жалғасатын болады.
Естеріңізге салар болсақ, өзен жағалауын абаттандыру жұмысы екі кезеңге бөлінген. Алғашқы кезеңі бұлақ басынан Ордабасы алаңына дейінгі аумақты қамтиды. Ондағы жұмыстар аяқталды. Енді Жангелдин көшесіне дейінгі 1800 метрлік жағалау абаттандырылуда. Бүгінде құрлысшылар жұмыстың 60 пайызын атқарыпты.
Осындағы жұмыс барысын көріп шыққан шаһардың жаңа әкімі өзінің бірқатар ұсыныстарын айтты. Ең бастысы, демалыс орны халыққа ыңғайлы әрі көрікті болуы керек. Бұдан бөлек, қала әкімі жақында пайдалануға берілген шаһардың алғашқы арбатына да барды.
Бекет батыр көшесіндегі арбаттың қақпасына қойылған сағат іске қосылған. Бұл арбатта да жоспарланған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу қажеттігін қадап айтты.
«Өнер адамдары өз туындыларын тек басшылар келгенде ғана шығармай, кез келген уақытта көпшілікке ұсына алатындай жағдай жасауы тиіс», деді Ғабидолла Әбдірахымов.