«SHYMKENT CITY BIKE» МЕКЕМЕСІ ЖАҚЫНДА ҚОСЫМША ВЕЛОСИПЕДТЕР САТЫП АЛАДЫ

«Shymkent City Bike» жақын арада қосымша велосипедтер сатып алады», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі  «Shymkent City Bike» мекемесі таратқан мәліметке сілтеме жасап.

«Shymkent City Bike» жақын арада қосымша велосипедтер сатып алады. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 39 велостанцияда 200 велосипед бар. Халық саны 1 миллионға жеткен мегаполиске бұл велосипедтер жеткіліксіз. Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта велосипедтерді пайдаланушылар қатары артып келеді.
«Shymkent City Bike» өкілі Мақсат Айдар: «Балалар сындырып кетеді, катафоттар, жапсырмалар және басқа да шағын қосалқы бөлшектер ұрланып жатады. Велосипедтің өзін ұрлау әрекеті де болды. Алдағы уақыттары тағы біраз жаңа велосипедтер келеді деп жоспарлануда, өйткені шын мәнінде таңертең және кешке велосипедтер жетіспей қалып жатыр»,-дейді.
Велосипедтер ұрлауға, сындыруға қарсы арнайы құрылғылармен жарақтандырылған. Дегенмен, велосипедтердің майда-шүйде құрылғыларын ұрлап кететіндер де жоқ емес. Көбіне қоңырауларын, жарықшамдарын қолды етеді.
Веосипедтердің төлемақысы да халық жағдайына ыңғайлы. Айлық төлем – 1 мың теңге болса, жылдығы 10 мың теңге тұрады.