КЕЛЕСІ ЖЫЛҒА ДЕЙІН ШЫМКЕНТТЕ БАЛАБАҚШАҒА КЕЗЕК МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚТАЙ ШЕШІЛЕДІ

"Шымкентте «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 87 пайызға жетті", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сала мамандарының айтуынша қазіргі таңда Шымкент қаласында екінші жыл қолға алынған бүлдіршіндерді балабақшаға электронды түрде қабылдау тәсілі жоғары дәрежеде жүрізілуде.
Жалпы Шымкент қаласында 459 балабақша жұмыс істейді. Соның 351-і жеке меншік. Өткен жылдың өзінде 80 жекеменшік балабақша ашылған. Кәсіпкерлердің арқасында мектеп жасына дейінгі балаларды бақшамен қамту пайызы өсіп отыр. Жалпы кезекте 39 мың бала бар. Сала мамандарының айтуынша, 2019 жылға дейін кезек мәселесі толық шешімін табуы тиіс.
Қала тұрғыны Айдана Елтай баласын электронды кезекке қойған. Нәтижесіне көңілі толып отыр. Сөзіне сенсек, баланың жасына сай топта орын табылып, бірден №24 «Алма» бақшасына келіпті. Табалдырық тоздырмай, қалаған мектепке дейінгі мекемеге жодама алғанына риза.
Естеріңізге салар болсақ, білім бөліміндегі электронды жүйе биыл екінші жыл жұмыс жасап жатыр. Оң нәтиже беріп отырғанын тек ата-аналар ғана емес, бақша меңгерушілері де растап отыр.