Ең әуелі қала аппаратына жетекшілік жасау 37 жастағы ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВҚА жүктелді. Е.Әлімқұлов бұл қызметке Астанадан келгенімен, осы өңірде туып-өскен, қызмет еткен.
2015-2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып істеген. Ол бұл қызметтен былтыр босатылып, Парламент Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып ауысқан еді.
Әбдірахымовтың орынбасары болып НҰРСАДЫҚ ЕРГЕШБЕК тағайындалды. Ол Әбдірахымовтың алғашқы әкімдік кезеңінде Шымкентке жылу таратумен айналысатын «Қуатжылуорталық» МКК-інің директоры болып, осы лауазымды бүгінге дейін атқарып келген.
Әбдірахымовтың тағы бір су жаңа орынбасары-ДАНАТ ЖУМИН де бұрын Шымкент қалалық әкімдігінде қызмет еткен.
Дәлірегі Әбдірахымовтың штаттан тыс кеңесшісі болған. Оның соңғы жұмысы- «Нұр Отан» партиясы саяси жұмыс департаментінің директоры.
Ғ.Әбдірахымовтың тағы бір орынбасары болып БАУЫРЖАН МАМЫТАЛИЕВ тағайындалды. Ол бұл орынға кәсіпкерлік саласынан келді.
Ал Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын бірнеше жылдан бері атқарып келе жатқан ҚАЙРАТ НҰРТАЙ әкімнің бірінші орынбасары болды.
Сондай-ақ, әкімнің қаржы саласы бойынша орынбасары ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА өз орынында қалды.
Әбдірахымов Шымкенттегі төрт ауданның бірі- Абай ауданына БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВТЫ әкім етіп тағайындады. Б.Парманов бұған дейін Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі болып істеген.
Әбдірахымовтың кадырлық ауыс-түйістері мұнымен тоқтап қалмасы анық. Себебі, алда қаланың құрылымдық бөлімдері басқарма болып қайтадан құрылады. Әрі, бірқатар жаңа басқармалар жасақталатын көрінеді.