ТҮРКІСТАННЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ҮШІН ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР САТЫП АЛЫНДЫ

"Түркістан облысының орталығы болып табылатын Түркістанға  қала тазалығы үшін алынған жаңа техникалар берілді", деп хабарлайды Аталған көліктердің кілтін салтанатты түрде қала әкімі Ә.Өсербаев табыстады", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заманауи үлгідегі жаңа техникалар бір мезетте бірнеше жұмысты атқаруға мүмкіндігі бар. Мәселен су сепкіш құрылғысы бар автокөлік жаз мезгілінде көшені сыпырып әрі су сеуіп тазартса, қыстыгүні мұз бен қарды ерітіп тазалайтын қос мүмкіндігі бар. Осылайша бірнеше жұмысты атқаратын 8 техниканың жалпы 189 млн. 165 мың теңге.
Көне шаһары Түркістан — облыс орталығы мәртебесін алғанын айтқан қала басшысы қойылып жатқан міндеттердің бірі қала тазалығы екенін атап өтті.
Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі:
— Бүгінде Түркістан шаһары бұрынғы аудан деңгейіндегі қала емес, облыстың орталығына айналған қала болып отыр. Осы бағытта біз бен сізге жүктелетін міндет пен талап өте жоғары. Түркістан үшін қазіргі таңда ең өзекті мәселе қаланың тазалығы, көріктендіру абаттандыру жұмыстары. Тазалық жұмысын жандандыру үшін оған қажетті техникалық жабдықтардың санын арттыру негізгі міндеттердің бірі. Бұл бағытта қала әкімдігі тарапынан әрдайым алғышарттар жасалып отырады.
Сонымен қатар әкім облыс орталығы Түрікстанның заман талабына сай даму динамикасын одан әрі арттыруға қажетті бағыттарды жетілдіруді және қаланың логистикалық мүмкіндігін арттыру, қаланы туризм орталығы ретінде дамыту бойынша нақты шараларды жүзеге асыруды қолға алып жатқандығын және алдағы уақытта жұмыс барысында жүктелетін міндет пен талап өте жоғары болатындығын айтты.