ЕРЕКШЕ ШПАРГАЛКА ЖАСАҒАН ТАЛАПКЕР ТАПҚЫРЛЫҒЫМЕН МАМАНДАРДЫ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

"БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-да ерекше шпаргалка жасап, тапқырлығымен таң қалдырған түлек туралы айтты", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі abctv.kz сайтына сілтеме жасап.

Рамазан Әлімқұлов, БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры:
— Жыл сайын біз ұлттық тестілеу орталығында ерекше шпаргалкаларға баға береміз. Осы жылы бірінші орынды ҰБТ-ға пластикалық бөтелкенің этикеткасына өзіне қажетті химияның формуласын жазып кірген оқушыға береміз. Ол минералды судың құрамы мен компанияның мекенжайы көрсетілген жерге формула жазып келген. ҰБТ-тың ережесіне сәйкес, емтиханға су алып кіруге болады. Біз осы шпаргалканың авторына техникалық бағытта білім алуға кеңес береміз. Біздің ойымызша, ол түбінде өз еліне пайдасын тигізеді.