АЛМАТЫЛЫҚ АЗАМАТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА БӘС ТІГІП, 2,5 МЛН ТЕҢГЕСІНЕН АЙРЫЛДЫ

"Tennisi.kz букмекерлік компаниясының ойыншысы Рейсейде өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде өткен Аргентина мен Хорватия матчінде 2,5 миллион теңгесінен айырылды", - деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Леонель Месси голы мен Аргентина құрамасының жеңісіне 2.78 коэффицентімен бәс тіккен. Ұтқан жағдайда ол 4,45 миллион теңге пайда көретін еді. Алайда Аргентина құрамасы 0:3 есебімен Хорватиядан ойсырай ұтылды. Бұл ойында гол салғандар Вилли Кабальеро, Лука Модрич және Мессидің командаласы — Иван Ракитич.
Аргентина құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде 60 жылда алғаш рет жеңіліп тұрғанын айта кетейік. Ал Месси бұл жайында пікір білдіруден бас тартты.
Еске салайық, кеше, 22 маусымда тоғызыншы күннің ойындары өтті. Астана уақытымен 18:00-де Санкт-Петербургте Бразилия және Коста-Рика арасында Е тобының ойынында бразилиялықтардың қос жұлдызы  Коутиньо (91 минут), Неймар (97 минут) қосымша уақытта есеп ашып, 2:0 есебімен Коста-Рика құрамасын тізе бүктірді. 21:00-де Волгоградта (D тобы) Нигерия және Исландия арасындағы матчта қара маржан А.Мұса қос голдың (49 минут), (79 минут) авторы атанып, өз командасына жеңіс сыйлады.
Ал 00:00-де в Калининградта Е тобындағы Сербия мен Швейцария құрамаларының ойыны өтті. Нәтижесінде, Г.Джака  (52 минут), Дж.Шакири (90 минут) гол соғып Швейцария 2:1 есебімен жеңіске жетті. Е тобынан екінші болып шығатын шешуші ойын 27 маусым Аргентина мен Нигерия құрамалары арасында анықталатын болады.