Әблязов туралы шындықтың беті күн өткен сайын ашыла түсуде. Кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев «қашқын банкирді» босатып жіберуге көмектескен екен.
Ол бұл туралы КТК телеарнасы дайындаған «Звали его Мурка» фильмінің үшінші бөлімінде: «Аблязов Мұхтар Қабылұлымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тұрғанымда таныстым. Сол кезде ол Рахат Әлиевпен жағымсыз қарым-қатынасым болды. Ал, Әблязов Қазақстанның Демократиялық таңдауы лидері болды. Сол кезеңде осындай қозғалыс болған. Әлиевпен арадағы «есепті» Әблязовтің текетіресі арқылы шешуді жоспарладым», — деп әңгімеледі Дүтбаев.
Айта кетерлігі, 2003 жылы Мұхтар Жәкішев Дүтбаевқа хабарласып, Әблязовті босатып жіберуді дұрыс деп есептейтінін Жеткізген. Нәтижесінде ортақ күш жұмылдыра отырып, олар Әблязовті босатып жіберген.
Сондай-ақ, Әблязов Дүтбаевтан Тәтішевке қатысты банк активтерін қайтаруға көмектесетін мәлімет жинап беруін өтінген. Нәтижесіде ҰҚК экс-басшысы арнайы қызметкеріге құпия тапсырма беріп, Ержан Тәтішевтің ұялы телефондарына бақылау жүргізген. Әрі, ҰҚК қызметкері қол жеткізілген ақпарат Алматыдағы төрағаға «жеке» деген желеумен жөнелтіп отырған.
Осы барыста Дүтбаев Тәтішевтің телефон арқылы болған әңгімелесулерін, араласатын ортасын түгелдей Әблязовқа хабардар етіп отырған. Дәл осы жасрын тыңдаулар кезінде Тәтішевтың қылмыс әлемінің серкесі атанған Тоқмәди атты азаматпен жақын араласатандығын білген. Тіпті, олардың бірге аңға шығатынын да анықтаған. Осылайша, Әблязов Тоқмәдидің «қолымен» бәсекелес банкридің көзін жойған. Сонымен «Банк Тұран Әлем» (қазіргі БТА Банк) банкін басқаруға және иелік етуге көшкен. Басшылық қызметке жету үшін тағы да ҰҚК экс-төрағасының көмегіне жүгінген. Дүтбаев Әблязовпен көбінде телефон арқылы сөйлескенін және кейде Skype-ты қолданып отырған.