Шымкент қаласының әкімдігі 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай фото-challenge байқауын жариялады, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.
Байқау шарты бойынша, қатысушы досымен немесе кез келген өзге ұлт өкілімен суретке түсіп, өзге ұлттың ұлттық киімін киіп селфи жасауы тиіс.
«Біз «Ашық ел» деген фото challenge бастаймыз! Қане, Қазақстан халқы — бірлігі мен достығы жарасқан ел екенін көрсетейік. Досыңызбен (таныс, туысқан, көрші) кез келген өзге ұлт өкілімен суретке түсіп немесе өзге ұлттың ұлттық киімін киіп селфи жасаңыз да парақшаңызға #AshyqEL/#АшықЕл хэштегімен жариялаңыз. @akimat.shymkent белгілеңіз. Ең танымал болған 3 суретке 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық бар», — делінген әкімдіктің парақшасында.