«24-28 сәуір аралығында «Қауіпсіз аула» және «Көрші назары» жобалары аясында Шымкентте «Тіркеу» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның айтуынша, құқық қорғау қызметкерлері осы уақыт ішінде шаһарда тіркелмей тұрып келе жатқан азаматтарды анықтайтын болады.
Сондықтан жергілікті полиция қызметі қала тұрғындарына тез арада құжаттарын тексеріп, тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тіркеуге тұруын ескертеді.