Adym.kz: «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен тікелей байланысу үшін WhatsАpp желісі іске қосылады», деп хабарлайды облыс әкімінің кеңесшісі Максим Рожин Фейсбуктегі парақшасында.
Максим РОЖИН, ОҚО әкімінің кеңесшісі:
— Алдағы аптада облыс әкімімен тікелей байланысу үшін WhatsАpp желісі іске қосылады. Бұл, өзіңізді мазалап жүрген сұрақтарды облыс басшысына тікелей қойып, ұсыныс жасауға жақсы мүмкіндік болады деп есептеймін. Біз үшін бұл қоғаммен байланыста барынша ашық әрі мобильді болуға, туындап жатқан мәселелерді жылдам реттеуге аса қажетті қадам деп ойлаймын. Әкіммен тікелей байланысу үшін WhatsАpp желісінің номері аумаққа да жарасымды етіп таңдалды, оны есте сақтау оңай +77779671313. Ескеретін бір жәйт, бұл желіге қоңырау емес, тек қана СМС xабарламалар қабылданады.
Максим Рожиннің айтуынша, оңтүстік өңірге қатысы бар шұғыл мәселелер мен проблемаларды барынша жылдам шешу үшін тәулік бойы БАҚ пен әлеуметтік желіде мониторинг жүргізілетін болады. Ал, ұсыныстар мен xабарламаларды #ОҚОәкімшілік немесе #АкиматЮКО арнайы xэштегтері арқылы жолдауға болады.
Естеріңізге салар болсақ, жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әріптестеріне Рожин Максим Николаевичті қоғаммен байланыс және сыртқы коммуникация жөніндегі кеңесшім, деп таныстырған еді.