Дархан Кәлетаев дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
«Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын», — делінген хабарламада.
Кәлетаев Дархан Аманұлы 1972 жылдың 14 қазанында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген.
Саясаттану ғылымдарының докторы. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі.
1995-1997 жылдары ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Тілдер комитетінің жетекші маманы, Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөнінде мемлекеттік комитеттің бас маманы, Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру Департаментінің басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2002 жылдың қарашасынан бастап Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі.
2003 жылдың шілдесінен бастап Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2004 жылдың сәуірінен бастап ҚР Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі.
2006 жылдың сәуірінен бастап 2007 жылдың қаңтарына дейін ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі болды.
2007 жылдың қаңтарында ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды.
2008 жылдың қазанында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды.
2009 жылдың қарашасынан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма директоры қызметін атқарды.
2013 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бас директор болды.
2016 жылдан бастап Үкімет және байланыспен өзара қарым-қатынас бойынша Басқарма директоры. «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған. ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшесі.
2015 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан велоспорт федерациясының президенті.