НАЗАРБАЕВ ҚР ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫН ТАҒАЙЫНДАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жаңа Төрағасын тағайындады, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
«Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын», – делінген Жарлықта.

Талғат Советбекұлы Донақов
1965 жылы 16 қаңтарда Семей облысының Аягөз қаласында туған. Қазақ.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1987), заңгер; КСРО Ғылым академиясының Құқық және мемлекет институтын аспирантурасын бітірген (1991). Заң ғылымдарының кандидаты (1991). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Одақтық республикада әлеуметтік және экономикалық дамытуды жоспарлауды ұйымдастыру».
1987 жылдан — КСРО Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты. 1991 жылдан — ҚР Ғылым академиясының Құқық және философия институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, ҚР Ғылым академиясы мемлекет және құқық институтында ғылыми хатшысы. 1992 жылдан — ҚР Жоғарғы Кеңесі төрағасының кеңесшісі. 1993 жылдан — ҚР Жоғарғы Кеңесінің заң шығару бөлімінде меңгерушінің орынбасары. 1994 жылдан — ҚР Президенті Әкімшілігі Аппаратының заң шығару және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары, заң шығару және құқықтық сараптау мәселелері жөніндегі меңгерушісінің орынбасары. 1997 жылдан — ҚР Президенті Әкімшілігінің сот жүйесі және заң шығару меселелері жөніндегі білім меңгерушісі. 1999 жылдан — ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары. 2000-2002 жылдары — ҚР Әділет Министрлігінде білім вице-министр. 2004 жылдан — ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық сараптау және заң шығару бөлімінің меңгерушісі. 2008 жылдың ақпан айынан — ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі.
2008 жылдың қазан айынан бері — ҚР Президенті Әкімішілігі жетекшісінің орынбасары.
«Құрмет» (2005) орденімен; «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 5 мерейтойлық медальмен және Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен (1993) марапатталған.