Аталған басылым ақынның хатын еш өзгеріссіз жария еткен.
«Ащы шындық мынада. Егер біздер, ұлтымыздың пайымды, парасатты адамдары бірлесіп, шектен шығып кеткен рулық сезімдерге тосқауыл қоя алмасақ, болашақта ұлтымызды сақтап қала алмасымыз айқын.
Жуырда бір топ жазушылар – Төлен Әбдікұлы, Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Темірхан Медетбек бәріміз бірлесіп, Қазақстан Жазушылар Одағын 23-ақ жыл басқарған, сонда да «Мәңгілік төраға» болып қала беруді армандаған, Қазақстан жазушыларының демалыс үйін 49-ақ жылға шетелге жалға берген, жазушыларға тиісті 15 гектар алма бағын, кезінде қала әкімі Храпунов: «Жазушыларға тигізген көмегім болсын!» – деп сыйлаған үлкен базардың көзін жойған Нұрлан Оразалинге қарсы шығып, қызметінен тайдырдық. Оның орнына шындық биігінен көрініп жүрген Ұлықбек Есдәулет деген ақынды бекіттік», – деп жазды ол.
«Мына қызыққа қараңыздар. Біз орнынан тайдырған Нұрлан Оразалин мен атақты ақын Мұқағали Мақатаевтың руласы екен. Енді сол Оразалин Жанарбек Әшімжанмен және бір топ руластарымен бірлесіп, «Шаханов Мұқағали Мақатаевқа қызғанышпен күйе жағып отыр.» – деп менің шыншыл рухта жазылған «Мұқағали Мақатаев пен Жұқағали Бұқатаев туралы ойтолғау» атты өлеңімнің ішіндегі мына жолдарды алға шығарыпты:
МҰХТАР ШАХАНОВ: «МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ АТЫЛУЫНА МҰХТАР ӘУЕЗОВ СЕБЕП БОЛҒАН»
"Танымал қазақ ақыны Мұхтар Шаханов еліміздің беткеұстар тұлғалары – Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Жамбыл Жабаевтардың адами болмысына сын айтып, олардың тарихтағы бейнесіне күмән келтірді. Айтуынша, оның қолында бар айғақтар аталған тұлғалардың шынайы болмысына әшкере етеді", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі «Адырна» сайтына сілтеме жасап.