КАНЕЛО МЕН ГОЛОВКИН ЖЕКПЕ-ЖЕГІ БІР ЖЫЛҒА ШЕГЕРІЛУІ МҮМКІН

Adym.kz: Невада штатының спорт комиссиясы мексикалық боксшы Сауль Альваресті допинг қолданғаны үшін спорттық жарыстардан бір жылға шеттетуі мүмкін.
«Канелоның» 17 және 20 ақпанда алынған екі допинг сынамасынан кленбутерол табылған болатын. Спортшының өзі бұл зат малдың азығына қосылатындықтан қанға ет арқылы түсуі мүмкін деп ақталды.
Ережеде бірқатар препаратқа, оның ішінде кленбутеролға допинг-сынама оң нәтиже көрсеткен жағдайда нақты жаза қарастырылған екен. Мұндай кезде спортшы жарыстардан бір жылға шеттетіледі.
Сонымен бірге атлетикалық комиссия ерекше жағдайларды ескеріп (Канелоның жағдайында – сынамалардан тыйым салынған зат аз көлемде табылса және ағзаға кленбутеролдың абайсызда түсіп кеткенін дәлелдей алса), шеттету мерзімін жарты жылға дейін қысқартуға құқылы.
Головкин мен Альварестің реваншы 5 мамырға белгіленген.
Дереккөз: sputniknews.kz